Kaspi шоты
Жазылушының нөміріне Kaspi шоты барады, төлем түскенде бот өзі растайды. Нөмір Kaspi-де болмаса, Kaspi QR бар төлем бетінің сілтемесін береді.
Qut Club — Қазақстандағы ақылы Telegram каналдарға жазылымды Kaspi төлемімен автоматтандыратын Telegram бот платформасы.
Жазылушы ботқа кіреді, тариф таңдайды, Kaspi арқылы төлейді, бот оны каналға өзі кіргізеді. Мерзімі біткенде өзі шығарады. Ақша тікелей сіздің шотыңызға түседі.
@qutclubbot ботына /connect жазып, жобаңызға атау бересіз (жаңа канал ашылмайды, бар каналыңыз қосылады). Ботты каналыңызға әкімші қыласыз, ол каналды өзі тексеріп қосады.
Бағасы мен мерзімін жазасыз. Төлем тәсілін таңдайсыз: Kaspi шоты (Qut Pay арқылы) немесе чекті қолмен растау.
Ботта сіздің қысқа сілтемеңіз дайын тұрады: p2.kz/атыңыз. Оны Instagram немесе TikTok биосына қоясыз. Қалғанын бот істейді.
Жазылушының нөміріне Kaspi шоты барады, төлем түскенде бот өзі растайды. Нөмір Kaspi-де болмаса, Kaspi QR бар төлем бетінің сілтемесін береді.
Kaspi шоты қосылмаса да болады: жазылушы аударып, чекті ботқа жібереді, сіз ботта «Растау» батырмасын басасыз.
Каналға кіру сұрауын бот тек төлеген адамға мақұлдайды. Сілтемені басқа біреуге жіберсе де, ол кіре алмайды.
Мерзімі біткенде бот адамды каналдан шығарып, «Қайта жазылу» батырмасын жібереді. Қайта төлесе, қайта кіре алады.
Мерзім бітуге 3 күн және 1 күн қалғанда бот еске салады. Ерте ұзартса, жаңа мерзім қазіргі мерзімнің соңынан қосылады.
Белсенді жазылушылар, осы айдағы түсім, 7 күнде бітетін жазылымдар, кім қай жерден келгені және сілтеме қанша басылғаны.
Жазылушының төлемі тікелей сіздің шотыңызға түседі: Qut Pay арқылы Kaspi-ге немесе қолмен аударым болса, өз реквизиттеріңізге. Qut Club тек «төлем түсті» деген растауды алады.
Qut Pay кілтіңіз шифрланып сақталады және ешкімге көрсетілмейді.
Жабық Telegram каналына ақылы жазылым сататын адамдарға:
Qut Club — Қазақстандағы ақылы Telegram каналдарға жазылымды автоматтандыратын платформа (Telegram бот). Бот тарифтерді көрсетеді, Kaspi арқылы төлем қабылдайды, төлеген адамды каналға кіргізеді және мерзімі біткенде шығарады.
Жабық Telegram канал ашыңыз. @qutclubbot ботына /connect деп жазып, жобаға атау беріңіз. Ботты каналға әкімші қылыңыз. Тарифті (бағасы теңгемен, мерзімі күнмен) және төлем тәсілін баптаңыз. Ботта дайын тұрған p2.kz сілтемесін Instagram немесе TikTok биосына қойыңыз.
Бот каналда әкімші болуы керек, екі құқықпен: «Invite users via link» (кіру сұрауын мақұлдау үшін) және «Ban users» (мерзімі біткенде шығару үшін).
Telegram-ның өз ақылы жазылымы Telegram Stars-пен төленеді, мерзімі қазір тек 30 күн. Qut Club-та жазылушы теңгемен Kaspi арқылы төлейді, тариф мерзімін (күн санын) канал иесі өзі белгілейді, ал ақша канал иесінің өз шотына түседі.
Kaspi шоты режимінде бот жазылушының Kaspi нөміріне шот жібереді, ол Kaspi.kz қосымшасында төлейді. Нөмір Kaspi-де болмаса, бот Kaspi QR бар төлем бетінің сілтемесін береді. Қолмен режимде жазылушы сіздің реквизиттеріңізге аударып, чекті ботқа жібереді.
Ол кіре алмайды. Сілтеме тек кіру сұрауын жібереді, ал бот сұрауды белсенді жазылымы бар адамға ғана мақұлдайды.
Бітуге 3 күн және 1 күн қалғанда бот еске салады. Мерзім біткенде адамды каналдан шығарып, қайта жазылу батырмасын жібереді. Қара тізімге түспейді: қайта төлесе, қайта кіреді.
Жоқ. Жаңа мерзім қазіргі мерзімнің соңынан қосылады. Мерзім өтіп кеткен болса, төлеген күннен бастап есептеледі.
Иә. Бір жобаға бірнеше канал қосуға болады: әр каналдың өз тарифтері және өз сілтемесі болады. Платформа төлемі жоба бойынша алынады және жобаның барлық каналдарындағы белсенді жазылушылар санына байланысты.
Иә. Сілтемеңіздің Instagram, TikTok және басқа жерге арналған нұсқалары бар. Статистикада сілтеме қанша басылғанын және жазылушылар қай жерден келгенін көресіз.
Qut Pay — Kaspi шотын автоматты түрде жіберетін сервис. Kaspi шоты режиміне Qut Pay аккаунты керек. Чекті қолмен растау режиміне керек емес.
Қазақша және орысша.
Жазылымы әлі белсенді болса, ботқа /status деп жазады да, жаңа кіру сілтемесін алады.
Жазылым ашылмайды. Жазылушыға соны айтады, канал иесіне ескерту барады.